Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды. Осылайша, еліміздегі коронавирустан қайтқан науқастардың саны 134-ке жетіп отыр.
«Қайтыс болғандардың төртеуі Ақмола облысының тұрғындары 1953 және 1931 жылы туған ер азаматтар және 1963 және 1952 жылы дүниеге келген әйелдер. Алматы қаласында - 1951, 1928 және 1936 жылы дүниеге келген үш әйел дүниеден озды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді. Қазақстан бойынша барлығы 134 адам қайтыс болды», - деп хабарлады сoronavirus2020.kz сайты.
Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 18231 болды. Жазылып шыққандардың саны - 11514