$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетау мен Степногор қалалары карантинге жабылды

Барлық автокөліктер мен азаматтарға бұл қалалардың аумағына кіруге және шығуына тиым салынады.
фото: baigenews.kz
фото: baigenews.kz

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Осы құжатқа сай Көкшетау мен Степногор қалаларында карантиндік шектеулер күшейтіледі.

Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның қаулысында сәйкес, 2020 жылғы маусымның 24-і сағат 00:00 бастап Көкшетау қаласы карантинге жабылса, 26 маусым сағат 00:00 бастап осындай шаралар Степногор қаласында қолға алынады.

Транзиттік жүк автокөліктері және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктерден басқа барлық автокөліктер мен азаматтарға бұл қалалардың аумағына кіруге және шығуына тыйым салынады. 

Сонымен бірге, Көкшетау мен Степногор қалаларында кешкі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін автокөліктер мен тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылмақ.

Бұдан бөлек, аталмыш қала тұрғындарына маска тағу және бір реттік перчатка қолданып, қолды антисептикпен жууға кеңес беріледі. Жасы 65-тен асқандарға өзін өзі оқшаулау режимін сақтау ұсынылады.

Спорттық шараларды, форумдар, көрмелер, конференция, семинарлап, симпозиумдар, сондай-ақ, отбасылық жиындар өткізуге; ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театр, көрме жіне өзге де адамдар көп шоғырланатын нысандардың жұмысына;  пациенттерді стационарға жоспарлы жатқызу, скрининг және профилактикалық жұмыстарға толықтай шектеу енгізілсін. Саябақта серуендеу, туыстарға қонаққа барып, отбасылық отырыстар өткізуге рұқсат жоқ делінген бас дәрігердің қаулысында.

Өңір тұрғындары міндетті түрде бетперде тағып, жөтелу, түшкіру, температура болғанда бірден 103 нөміріне хабарласу керек екені хабарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары