$ 494.87  520.65  4.91

Биыл 6 мыңнан астам этникалық қазақ «оралман» мәртебесін алған

«Оралмандар мен қоныс аударушылардан тұратын 631 отбасы (2224 адам) қабылдау өңірлеріне (Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары) орналасты», - деді министр.
фото: fergana.news
фото: fergana.news

Осы жылдың 5 айында 6,3 мың этникалық қазақ «оралман» мәртебесін алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуі кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

Министр 1991 жылдан бері 1 миллионнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, олардың бәрі «оралман» мәртебесін алғанын, бұл еліміздегі халықтың 6%-ын құрайтынын атап өтті.

«Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша, республикамызға 3245 отбасы (6361 этникалық қазақ) көшіп келді. Оралмандар мен қоныс аударушылардан тұратын 631 отбасы (2224 адам) қабылдау өңірлеріне (Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары) орналасты», – деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, ол осы жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы көші-қон процестерін жетілдіру туралы заңға қол қойғанын мысал етті. Онда келесі жаңа ережелер көзделген:

- «қандас» түсінігінің жаңа нұсқасы. Оған сәйкес этникалық қазақтың бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмағандығы басты өлшем болып табылады;

- жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге, бір рет жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ұзартуы;

- атажұртына оралған қандастарымыздың тұрақты тұруға рұқсат алу үшін де, Қазақстан азаматтығын алу үшін де құжаттарды бір уақытта ұсыну құқығының болуы.

Сыртқы еңбек көші-қоны туралы айта келіп, министр шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі - ШЖК) тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40%-ға азайғанына тоқталды.

«Жыл басынан бері 7,7 мыңнан астам ШЖК тартуға рұқсат берілді. Жұмыс берушілер 2,8 миллиард теңге көлемінде салық төледі. Бұл ретте кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету талабын орындайтын компаниялардың үлесі қазір 96%-ды құрап отыр», - деді Біржан Нұрымбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары