$ 494.87  520.65  4.91

Атыраудың Қызылқоға ауданында мектеп ғимараттары оқшаулау орындарына айналды

Жалпы, бүгінде осы аудан бойынша вирусты 79 адам жұқтырған. Оның екеуі қайтыс болды.

Атырау облысында мектеп ғимараттары коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды қадағалайтын оқшаулау орындарына айналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Облыс орталығынан шалғай жатқан Қызылқоға ауданының шенділері осындай шешім қабылдапты. Бұдан басқа ыңғайлы нысандар болмады дейді олар. Қазір аудандағы 4 мектепке кереуеттер қойылған. Жалпы саны 182 орын бар. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, мектеп ғимараты барлық санитарлық талаптарға сай келеді.

«Аудан бойынша жатақханалар жоқ. Сол себепті, Миялы орталығында барлық ғимараттарға анализ жасалып, қаралды. Сонда ыңғайлысы осы мектеп ғимараты болды. Себебі, бізде жалғыз қонақ үй бар, 26 нөмірлік. Бірақ, олардың иесі келіскен жоқ, кірігізбейміз деп. Сол себептен, мектепті жасақтадық», - дейді әкімнің орынбасары Марат Әбуов.

Дегенмен, оқшаулау орындары ашылғалы, онда 3-ақ адам жатқан. Олардан қауіпті індет анықталмағандықтан, қазір үйлеріне жіберіліпті. Жалпы, бүгінде осы аудан бойынша вирусты 79 адам жұқтырған. Оның екеуі қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары