$ 494.87  520.65  4.91

Елде дәрі-дәрмек тапшы

Сол себепті, сұранысқа ие кейбір дәрілерді көптеп сатып алуға шектеу қойылмақ.
фото: aptekaplus.kz
фото: aptekaplus.kz

Ел аумағында дәрі-дәрмек тапшылығы байқалып жатыр. Осыған байланысты еліміздің кейбір қалаларындағы дәріханаларда аса қажетті дәрілердің көп мөлшерде сатуға шектеу қойылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы. 

Алматы қаласында сұранысқа ие препараттарды бір адамға үш қаптамадан артық сатуға шектеу қойылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев мәлім етті. 

Оның айтуынша, мұндай лимит халық арасында сұранысқа ие әрі дәрігердің нұсқаулығынсыз беріле беретін препараттарға енгізілмек. 

«Бұл шамамен парацетамол, «сумамед» секілді алты-жеті дәрі-дәрмек түрі болып отыр. Мысалы, парацетамолдың екі бумасы қажет, ал адам келіп, 20 бума сатып алады. Осындай жағдай болдырмас үшін біз бір қолға екі-үш бумадан артық дәрі сатпауды ұсынып отырмыз. Бұл бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие дәрілерге қатысты болады», - дейді Сәлімбаев. 
Ол сондай-ақ, осы препараттардың барлығы дәріханаларға жеткілікті мөлшерде түсетінін, ал көп мөлшерде сатуға шектеу қою қала тұрғындары қажетті дәрі-дәрмектерді қиындықсыз сатып алуы үшін жасалып отырған амал екенін айтқан. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары