$ 494.87  520.65  4.91

«Ақша үнемдеу үшін бес адамның жұмысын бір дәрігердің мойнына артып қойған» - қоғам белсендісі

Оның айтуынша, елдегі маман тапшылығы қолдан жасалып отырған дүние.
фото: livejournal.com
фото: livejournal.com

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы денсаулық саласын сынап тағы бір пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, елдегі маман тапшылығы қолдан жасалып отырған дүние. «Медициналық оқу орындарын жыл сайын жүздеген, тіпті мыңдаған маман бітіріп, қолына дипломын алады. Неге маман жетіспейді деп зар илейді? Себебі, сол мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуді ойламайды, керісінше, барлық жерде ақша үнемдеп (көбірек қалтаға қымқыру үшін) штаттарды қысқартып, бес дәрігердің жұмысын бір дәрігердің мойнына артып қойған. Оған жылдар бойы өздеріңіз де куәсіздер. Педиатрия факультетімен бірге балалар дәрігері жойылды. Бұл Қазақстанның медицина саласында халыққа жасаған, ұрпаққа жасаған ең үлкен қастандығы болды.

Бір емханада кемінде екі УЗИ кабинет болудың орнына, бір ғана кабинет, оның өзінде аптасына 2-3-ақ күн, не түске дейін, не түстен кейін істейді, апта бұрын алған талонмен қабылдайды. Ол талонға қолың жетсе, қанеки! «Бұл аптаға да, келесі аптаға да талон жоқ, арғы аптаға келесіз» дегенді талай естідік.

Бір дәрігер-терапевт екі-үш участокке жауапты. Гинеколог жетіспейді, хирург жетіспейді, анау жоқ, мынау жоқ... аппарат жоқ, препарат жоқ... Медицина саласына қыруар қаражаттар бөлінеді, соның бәрін ебін тауып екі асау үшін, емхана, ауруханаларда штаттарды шорт қысқартумен келеді. Штатты көптеп ашсын, сонда маман тапшы болмайды», - деп жазады ол facebook  парақшасында.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары