$ 449.58  486.94  4.86

«Құмға сіңген 30 жыл!»: биліктен үміт үзген жұрт сары уайымға салына бастады

Тұрғындардың ойынша, үкімет эпидемиологиялық жағдайды бақылаудан шығарып алған.
фото: Мир 24
фото: Мир 24

Базарбек Атығай есімді facebook қолданушысы өз парақшасына елдегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, өте өзекті жазба жариялаған. Оның айтуынша, елдегі жағдай расымен де қиын, халықтың амалсыздан қасқырша өз жарасын өзі жалап жазуға кіріскен, деп хабарайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ел ішінде вирус қатты өршіп кетті... Ауруханаларда орын, аптекаларда дәрі жоқ. Халық қасқырша өз жарасын өзі жалап жазуға кірісті... Жаппай тұмауратқан жұрт... Жағдай өте қиын... Біздің елдегі оңбай қалған, мешеу сала еді - медицина деген. Мынау «жығылған үстіне жұдырық» болды. Енді, не істеу керек?! Ең қиыны - елден сенім кетті... Дәрігерлердің өздері зар қағуда... Билік тым-тырыс... Өздері үрей құшағында қалды. Ешкім жауапкершілік алмай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуы бойынша Қазақстан короновирус өте қарқынды, қауіпті деңгейде тарап жатқан 11 мемлекеттің қатарына енді. Ары қарай жағдай қандай болады? Мүмкін, медицинасы озық, «есін жоғалтпаған» елдерден көмек сұрау керек шығар. Мүмкін, қайта төтенше жағдай енгізу керек болар. Науқастарды жеке меншік клиникаларға жатқызу керек шығар... Далалық әскери госпитальдар неге ашылмайды?! Өкпенің қабынуын үйде емдей беруге болады деген не мазақ?! Вирусқа ПЦР тапсырмай жұмысқа шыға беріңдер деген не сұмдық? Тест таусылып қалды деген не масқара?! Неге телеарналар мамандарды тартып, халыққа түсіндіру, тым болмағанда түзу ақпарат, кеңес беру мәселесін көтермейді. Тұтас бір ұрпақ ауысқан отыз жылда осындай дәрменсіз, бейшара жағдайға жетіппіз...», - деп жазған Базарбек Атығай.  

Жазбаға басылған лайк пен пікірлерде есеп жоқ. Пікір білдірушілердің көбі шарасыз күйге түсіп отырғанын жасырмаған. 

Ералы Оспанов есімді қолданушы «Құмға сіңген 30 жыл... Таңғалмаймын! «Нұр Отан» офистерін госпитальдарға айналдыру керек!» деп пікір білдіріпті.

Тағы бірі «Ең болмаса ақпараттық түсіндіруді қарқынды жүргізу керек еді. Әзірге билік тарапынан ол да жоқ» десе, тағы бірі «телеарналар тамаша, жын-жыпыр концерт көрсеткенше халыққа неге кеңес бермейді?» деп жазған. 

Енді бірі «Не айтарымды білмей отырмын, шарасыз! Болашаққа деген күмәнді үміт!» деп шарасыздығын жалғыз пікірге сыйғызып жіберген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары