$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздегі әрбір бесінші отбасы белсіздіктің зардабын тартып келеді

Ерте жыныстық қатынасқа түсу — белсіздіктің белең алуына себеп. Өкінішке қарай, елімізде отбасын құрған әрбір бесінші жұп осы сырқаттың зардабын тартып жүр деп жазады Otyrar.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келген еліміздің бас урологы Мырзакерім Алшынбаев осылай дейді. Өлкемізге атбасын бұрған дәрігер жергілікті ақ халаттылармен тәжірибе бөлісіп, ауыр халдегі жеті науқасқа ота жасады.

Қазақстанның бас урологы арнайы мамандардан құралған білікті дәрігерлердің қатысуымен науқастарды қабылдады. Ал, 9 сәуір күні денсаулығы сыр берген ерлер үшін облыстық клиникалық ауруханада ашық есік күнін өткізбек. Онда өңіріміздің кез келген азаматы жоғары дәрежелі маманның тегін қабылдауына жүгіне алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары