$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет оқушылардың жазғы демалысын ақыры қысқартатын болды

Күні кеше ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мектеп оқушыларының жазғы үш айлық демалысын бір айға дейін қысқарту керек деген ұсынысын айтқан болатын. Араға көп уақыт салмай Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев аталған бастаманы қолдайтынын білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлап отыр.

Министрдің айтуынша, бес күндік оқу жүйесінің енуінен оқу күндерінің саны әжептеуір қысқарып қалған.

"Мұндай шараға бару уақыт талабы. Егер біз бес күндік оқу жүйесін енгізсек, қосымша 36 күн демалыс пайда болады. Осы 36 күннің орнын оқушы толтыруы керек. Сондықтан, біз жазғы демалыстың уақытын қысқартамыз. Бүгінгі жоспарымызға сәйкес, бірінші сынып оқушылары демалысқа 1 маусымнан бастап шығады және бұл мерзім жыл сайын ұзара береді. Ал, жоғары сынып оқушылары маусым айының ортасына дейін оқымақ. Одан әрі емтихандары бар. Мұнан кейін оқу жүктемесіне қарай тағы есептеп көретін боламыз" деді Сағадиев Астанада өткен жиындардың бірінде.

Министрдің айтуынша, мектептегі жаңа оқу бағдарламасының енуі де демалыс күндерінің қысқаруына септігін тигізген. 

Естеріңізге салайық, өткен аптада Астана мұғалімдерімен кездескен Дариға Назарбаева қазақстандық оқушылардың жазғы демалысы әдеттегідей 26 мамырдан емес, 1 шілдеден басталса деген ойымен бөліскен еді. Алайда, бұл бастама тұрғындар арасында кең қолдауға ие болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары