$ 494.87  520.65  4.91

Түркия билігі Қазақстан азаматтарының елге кіруіне тыйым салды

Бұған еліміздегі коронавирус қаупінің артуы себеп болған.
фото: erdincler.ru
фото: erdincler.ru

Қазақстан азаматтарына алдағы екі аптада Түркияға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түрік билігі Air Astana әуе компаниясына Түркияға Қазақстан азаматтарына екі апта ішінде кіруге тыйым салынғанын хабарлады. Бұған 2 шілдеде жарияланған Қазақстандағы карантиннің күшейтілуі себепкер болды. Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан Антальяға және Ыстамбұлға ұшулар Түркиядағы демалысы аяқталып, елге оралатын қазақстандықтарды алып келу үшін жалғасады», - делінген Air Astana компаниясының Facebook парақшасында.

Осыған байланысты, Түркияға жасалатын рейстердің кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілмек. «Түрік билігінің пайымдауынша бұл шаралар уақытша жасалады. Шектеулер екі аптадан кейін алынып тасталмақ. Түркияға ұшатын рейстердің кестесі өзгермек, ол туралы жолаушылар электрондық пошта және sms хабарландыру арқылы хабардар етіледі», - делінген арнайы мәлімдемеде. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, Түркияда уақытша тұруға және жұмыс істеуге рұқсаты бар Қазақстан азаматтары бұл елге еш кедергісіз кіре алады.

Естеріңізде болса, 20 маусымнан бастап Қазақстан-Түркия арасында әуе қатынасы қайта жанданып, 21 маусым  күні Алматы-Анталия бағыты бойынша алғашқы рейс да ұшқаны белгілі. Өкінішке қарай, осы рейспен Анталияға демалуға барған төрт отандасымыздан COVID-19 анықталған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары