$ 510.08  539.61  5.15

Үйін дәріханаға айналдырған әйел қамауға алынды

Ол аудандағы дәріханалардың бірінен дәрілерді сатып алып, ауыл тұрғындарына қымбат бағаға ұсынып отырған.
фото: ukrinform.ru
фото: ukrinform.ru

Алматы облысының тұрғыны өз үйінде заңсыз дәріхана қызметін ұйымдастырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кеше кешке жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Алтынемел ауылындағы жеке үйлердің бірінде дәрі-дәрмек сатылатынын анықтаған.

Тергеу барысында ауыл тұрғынының үйінде заңға қайшы қызмет көрсетілген. Қолдан жасалған «дәріхана» сөресінде дәрі-дәрмектің кез келген түрін табуға болатыны белгілі болды.

«Заңсыз дәріхана қызметін 63 жастағы әйел ұйымдастырған. Бұл қызметпен айналысуға оның лицензиясы мен рұқсат құжаттары болмаған, яғни медициналық қызмет көрсетуге еш құқығы жоқ екені анықталды. Алыпсатар әйел аудандағы дәріханалардың бірінен дәрілерді сатып алып, ауыл тұрғындарына қымбат бағаға ұсынып отырған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында саудагердің бұған дейін қораптармен сатып алған 60-қа жуық дәрі-дәрмектің түрін тәркіледі», - делінген аталмыш ведомствоның таратқан ақпаратында. 

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Осы дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі адамдар заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары