$ 442.05  474.14  4.74

Ұлттық аза тұту күнінде барлық өңірде жаппай Құран хатым дұғасы жасалатын болды

Бас мүфтидің қатысуымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube арнасы арқылы онлайн қосылуға болады.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Үндеуінде 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін айтқаны мәлім. Соған байланысты, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 Құран Хатым оқылуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал бас мүфтидің қатысуымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube арнасы арқылы онлайн қосылуға болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарға көптеп салауат айтып, республика имамдарымен, қариларымен 13 шілде күні бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары