Белгілі дінтанушы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы да өзінің коронавирус індеті салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Айтуынша, бас-аяғы екі-үш күннің ішінде 52 млн-ға жуық қаржы жиналған.
«Қазірге менде жиналған қаржы 51 900 000 теңге. Министр А. Цой тегін ұшақ ұйымдастыру жағын қарастыруда. Егер ұшақ мәселесі шешілетін болса, онда бұл қаржыға 500 дана оттегі концентраторын сатып ала аламыз. Мен тапсырыс беріп жатқан заводқа Шұғыла қайырымдылық қоры да тапсырыс беріп жатыр екен. Енді осы қормен бірігіп министр А. Цойдан 1500 дана концентраторды Қазақстанға тегін жеткізіп беруін сұрап жатырмыз. Қолдауларыңыз қажет. Ұшақ ойдағыдай шешілсе, бір аптада оттегі концентраторлары Қазақстанға жетеді. Үлес қосып жатқан баршаңыздан Алла разы болсын», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Оқи отырыңыз: «Қазаққа қастандық жасалды!»: Айнұр Тұрсынбаева биліктен өзіне көмек сұрады
Қайырымдылық шарасына танымал өнер қайраткерлерінен бастап қарапайым тұрғындарға дейін барлығы ниет білдіріп, қолдарынан келгенше көмек көрсетіп жатқанға ұқсайды.
Қайрымдылық акциясы әлі де жалғасып жатыр. Көмек қолын созамын дегендер болса, Каспи Голд 4400 4301 8760 4258
Sara Korkulova атына аударым жасай алады.