$ 494.87  520.65  4.91

«Менің кәсібіме Талғат Мұсабаев қауіп төндіріп отыр» - кәсіпкер

Ерте ме кеш пе, бір күні кез келген табысты бизнес көзінің бәрі біреулерге «керек бола» қалады.
фото: weproject.media
фото: weproject.media

Астанадағы «Шарын» көкөніс базарына қатысты дау әзір басылмайтын тәрізді.  Аталмыш сауда нысанының бұрынғы басшыларының бірі бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан дауға белгілі ғарышкер, Халық қаһарманы, Сенат депутаты Талғат Мұсабаевтың қатысы бар екенін айтып мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Базардың бұрынғы басшысы Әбдіғани Ескендіровтің айтуынша, бұл даудың артында ықпалды адамдар тұр.

«Мен ешқандай да аға-көке я болмаса қаржылық топтардың көмегінсіз-ақ бизнесін көтерген кәсіпкерлердің бірімін. «Сегіз жылға жуық уақытымды Астана қаласындағы «Шарын» көкөніс-жеміс базарын көркейтуге арнадым. Қазір біреулер сол кәсібімді тартып алғалы жатыр. Бұлар бөтен емес өзімнің бұрынғы әріптестерім. Олардың артында сенатор-ғарышкер тұр»,- деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Осы уақытқа дейін аталмыш базардың 51 пайыз үлесі тиесілі болып келген екен. Бір күні әріптестері Ахматов пен Қадырбаев екеуі ебін тауып, сотқа шағым түсіріп Ескендіровтің үлесіне шектеу қойып тастаған.

«Бұған ғарышкер, Халық қаһарманы, Сенат депутаты Талғат Мұсабаевтың қатысы бар. Оған дәлелдерім де бар», - деп жазған.

Ескендіров мырза өзін «Шарын» базарын базар қылған адамның бірімін деп есептейтінін айтады.

«Мені басшылыққа шақырғанда «Шарын» базары әбден құлап жатқан еді. Қаншама қарызы бар ешкімге керексіз қоймалардың бірі болды. Аз  жылдың уақыттың ішінде базарды табысты кәсіп көзіне айналдырдым. 2018 жылдың өзінде ғана «Шарын» базары 300 миллион теңге табыс әкелді», - деп атап өткен ол сол кәсібіме қауіп төніп тұр деп жанайқайын білдірген.

«Өкінішке қарай, елімізде қалыптасқан бір жүйе бар. Ерте ме кеш пе, бір күні кез келген табысты бизнес көзінің бәрі біреулерге «керек бола» қалады. Артында тірегі жоқ мен секілді кәсіпкерлердің көбі осындай жайттың құрбаны болып жатады. Өмір бойғы еңбегің мен жиғаның бәр сәтте біреудің қолында кете барады», - деп атап өткен ол

Айта кетер болсақ, Шарын базарындағы дау бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дау #базар #сот