13.07.2020, 14:20

«Отпанға түсіп кетуіміз оп-оңай» – Жүрсін Ерман

фото: youtube.com
Болған іске болаттай бекем болайық!

 Ақын, "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер" одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман халықты осындай сәтте бекем болуға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жалпыұлттық аза тұту күнінде осы бір індеттің құрбаны болған жандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Сабыр сақтаңыздар, қазақта: "Күн жаманы кетер" дейді ғой. Болған іске болаттай бекем болайық. Осындай кезде ұйымшылдық танытпасақ, отпанға түсіп кетуіміз оп-оңай. Өзі көп те емеспіз. Аз халықтың басына түскен індет елдің еңсесін түсіріп тұрған кезде бәріміз бір кісідей жұмылып, тәубеге келейік! Дұға тілеп, жақсылыққа жориық!", - дейді Жүрсін Ерман.

Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.