$ 496  588.01  6.42

Ақтаулықтар дәріханалардан іздеген дәрісін таппағандары үшін алаңға шықты (ВИДЕО)

«Біз жиналған адамдармен бірінші дәріханаға кірдік те айтылған дәрілерді сұрадық, үшеуінің екеуі бар болып шықты. Сондықтан байбалам салудың қажеті жоқ», - деп түсіндірді Ержан Күмісқалиев.

Lada.kz агенттігінің мәліметінше, қала орталығындағы «Ынтымақ» алаңына 20-ға жуық адам жиналған. Олар қалада дәрі-дәрмектің жоқтығын айтып, билік өкілдерінен бұл мәселені шешуді талап еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Дәріханаларда ештеңе жоқ. Физерітінді де еш жерде жоқ», - дейді жергілікті тұрғын Әлішер. Ал Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев дәрі-дәрмектердің тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Дәріханаларда да бұрынғыдай дүрбелең жоқ. Біз жиналған адамдармен бірінші дәріханаға кірдік те айтылған дәрілерді сұрадық, үшеуінің екеуі бар болып шықты. Сондықтан байбалам салудың қажеті жоқ», - деп түсіндірді Ержан Күмісқалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0