Lada.kz агенттігінің мәліметінше, қала орталығындағы «Ынтымақ» алаңына 20-ға жуық адам жиналған. Олар қалада дәрі-дәрмектің жоқтығын айтып, билік өкілдерінен бұл мәселені шешуді талап еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Дәріханаларда ештеңе жоқ. Физерітінді де еш жерде жоқ», - дейді жергілікті тұрғын Әлішер. Ал Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев дәрі-дәрмектердің тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Дәріханаларда да бұрынғыдай дүрбелең жоқ. Біз жиналған адамдармен бірінші дәріханаға кірдік те айтылған дәрілерді сұрадық, үшеуінің екеуі бар болып шықты. Сондықтан байбалам салудың қажеті жоқ», - деп түсіндірді Ержан Күмісқалиев.