$ 498.34  519.72  4.85

«Жағдай нашар, көптеген отбасы ары қарай қалай өмір сүретінін білмейді» – Азат Перуашев

Арқалықтағы дәріханаларда үлкен кезек және кіреберісіне парацетамол, тағы басқа дәрілердің жоқ екенін жазып қойған.
фото: forbes.kz
фото: forbes.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алаңында өткен онлайн конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшісі Азат Перуашев жақында Арқалық өңірінде болып, сондағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдаймен танысып қайтқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Қазір коронавирус індетінен күнделікті азаматтарымыздың  қайтыс болып жатқанын естіп, көріп отырмыз. Осы себепті өткен аптада Арқалық өңіріне барып, сол жақтағы азаматтармен кездесіп, елді мекендерді араладым. Арқалықтағы жергілікті ауруханаға барып, ол жердегі дәрігерлермен сөйлестік. Аурудан көз жұмған адамдардың туыстарымен кездестік", - дейді Мәжіліс депутаты.

А. Перуашев одан бөлек ол жақтағы дәріханаларды аралап, жағдаймен танысқанын жеткізді. 

"Ол жақтағы дәріхана иелері "СК-Фармация" неліктен дәрі тапшылығы жоқ деп айтып жатыр" деген реніштерін білдірді. Арқалықтағы дәріханаларда үлкен кезек және кіреберісіне парацетамол, тағы басқа дәрілердің жоқ екенін жазып қойған. Яғни, дәрі тапшылығы әлі күнге дейін бар. Ал ауруханадағылар дәрі жеткілікті дегенді айтты. Меніңше, қазір "СК-Фармация" мемлекеттік ауруханаларды дәрімен қамтамасыз етіп жатқан сияқты. Ал қарапайым халық баратын дәріханалар дәріні өз бетімен іздеп жүр", - дейді ол. 

Сондай-ақ ол сапар барысында жағдайы нашар отбасылармен кездесіп, қандай көмекке мұқтаж екендерін біліп қайтқанын айтты. 

"Көптеген отбасы ары қарай қалай өмір сүретінін білмейді, жағдай нашар. Оны өз көзіммен көрдім. Қайтқан соң сондағы филиалымызға сондай отбасыларға қосымша көмек беру жөнінде тапсырма бердім. Төтенше жағдай біткен соң мұны мемлекеттік органдар қолға алмаған, алайда азаматтық белсенділер өздері бастама көтеріп, көмек көрсетуде. Көптеген азамат мемлекеттік органға сенбей, өздері қаражат жинап, шетелден қажетті медициналық аппараттарды сатып алуда. Бұл жақсы бастама, мемлекет азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасап, олармен байланыста болуы керек, - дейді депутат. 

Сөз арасында ол коронавирус індетінен қайтыс болған адамдардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтты. 

"Бұл - ел басына түскен үлкен қайғы. Біз бұл індетті қалай болса да жеңіп шығуымыз керек. Оған бар күшімізді жұмылдырып, әрқайсымыз өз тарапымыздан атсалысуымыз қажет", - деді А. Перуашев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары