$ 494.87  520.65  4.91

«Ондайларды ату керек»: Шарманов адам жиіркенетін жағдай туралы айтты

Бұл – қалтасын ойлаған қатыгез адамдар.
фото: argymaq.kz
фото: argymaq.kz

Қазақ тағамтану академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов "Antikor Live” жобасында елдегі қиын кезеңде дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандарды аяуға болмайды деген ойда. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

"Моральдық тұрғыдан алғанда бұл - адам жиіркенетін жағдай. Мұндай қылық біздің халыққа мүлде жат көрініс болатын. Осындай жағдайды жасап отырған адамдарда жүрек жоқ. Мидағы білімді жүрекке түсір дейді. Бұл – қалтасын ойлаған қатыгез адамдар. Мұндай оқиғаларды жойып, аластату керек. Бұл адамдарды аяуға болмайды. Адамзат қырылып жатса, дәрілерді тығып, қымбатқа сатуға тырыссаң – адамдығың қайда қалды?! Меніңше, бұл адамдарды аяуға болмайды. Қоймалар толып тұр екен, ал адамзат қырылып жатыр. Ондай болса, мұндай адамдарды ату керек", - дейді Төрегелді Шарманов.

Академик  ондай адамдарды атқан дұрыс деп отыр.

"Мен өзім адамды өлтіру дегенге қарсымын. Бірақ қалтасының қамы үшін адамдарды жапа жектіріп қойғандарды аяуға болмайды. Ешқандай аяушылық танытпау керек. Халықтың алдына шығарып, соттату қажет. Қазақтың ұлттық менталитетіне жат, азғындықтың бір көрінісі. Әке-шешелері, туыстары қырылып жатса, дәріні тығып отырсаң, қандай адам болады. Хайуандар да олай жасамайды. Тіпті, хайуанға теңестірудің өзі тым артық ."Қасқыр да қас қылмайды жолдасына" дейміз. Ал бізде өз басын ойлап, отандастары қырылып жатса, пысқырмайтындарды қалай адам деп айта аласың?!", - дейді Қазақ тағамтану академиясының президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары