$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде жол ақысы қымбаттауы мүмкін

18 сәуірден бастап ақтөбелік автобустар зейнеткерлерді тегін тасымалдамайтын болды. Сондай-ақ, жолаушылар тасымалымен айналысатын "Автопарк" компаниясы қалаішілік жол ақысын 75-80 теңгеге дейін өсіруді монополияға қарсы комитет басшыларынан сұрап отыр деп жазады "Диапазон" порталы.

Бұған дейін қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар әлеуметтік мәселелерді қарап, зейнеткерлер мен студенттерге қоғамдық көліктерде көрсетілетін жеңілдіктерді алып тастауын қолдаған болатын. Кейін бұл шешім 15 сәуірден бастап заңдастарылды.

"Біз зейнеткерлерге 15 сәуірден бастап қызметімізді ақылы етуімізге болар еді, бірақ 18-нен бастауды жөн көрдік. Ал, ҰОС ардагерлерін, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерді өз есебімізден тегін алып жүреміз. 7-15 жас аралығындағы балалар жол ақысының 50 пайызын төлеуі тиіс" деді "Автопарк" ЖШС-нің ресми өкілі Руслан Жылқаманов.

Ал, бүгін таңертеңнен бері автобустарда ұрыс-керіс жиілеп кетті. Жаңа заңнан бейхабар зейнеткерлер мен студенттер жол ақысын төлеуден бас тартуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары