$ 494.87  520.65  4.91

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ақша жинаған талдықорғандықтар өз баспаналарына кіре алмай дал

Салымшылар бұл үйге 2018 жылдың аяғында қоныстануы керек еді. Мердігер мекеменің құрылысты бекітілген мерзімде бітірмеуінен тұрғындар күні бүгінге дейін жалдамалы пәтер жағалап жүр.

Себебі, 480 млн теңге бөлініп, «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 60 пәтерлі үйдің құрылысын «Сурмак» деп аталатын мердігер мекеме бітірмеген. Құрылысшылардың жауапсыздығынан қарапайым халық зардап шегіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Тірнектеп жинаған бар қаржысын банктің есепшотына аударған салымшылар бұл үйге 2018 жылдың аяғында қоныстануы керек еді. Мердігер мекеменің құрылысты бекітілген мерзімде бітірмеуінен тұрғындар күні бүгінге дейін жалдамалы пәтер жағалап жүр.

«Наурызда кіресіздер деді. Болған жоқ. Тағы келдік. Сенімнен қалдық. Бұл жерде жастар да бар. Баспанаға бір, банкке бір ақша төлейді», - дейді салымшы Сәния Төлендиева.

Үйдің берілуін асыға тосып жүргендердің бірі – Сырым Қайратбекұлы. Ол екінші топтағы мүгедектігін алға тартып, Үкіметке алақан жаймай, баспаналы болу үшін бірнеше жыл бойы қаражат жинапты.

«Тізімде 512-боп тұрмын. Тегін үйді сұрамай, кезек қашан келеді деп сұрамай, өзім ақша жинап, жұмыс істеп, алайын десем, мынадай жағдай болып тұр», - дейді Сырым Қайратбекұлы.

60 пәтерлі үйдің тең жартысы кезекте тұрған әлеуметтік топтағыларға, қалғаны салымшыларға беріледі. Олардың, тіпті, қай пәтерді алатыны да белгілі. Алайда, кейбір тұрғындардың сақалды құрылысқа айналған баспананың сапасына көңілі толмайды.

Құрылыс уақытылы аяқталмаған соң, қалалық әкімдік тендерді жеңіп алған компанияны сотқа беріпті. Уәкілетті орган құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме есебінен аяқтау туралы шешім шығарған. Соған сәйкес, аталған кемшіліктер ретке келтіріліп, пәтер кілті жақын күндері иелеріне табыс етілмек.

«Қалалық әкімдік өз күшімен де көмектессе, он күн ішінде бітіреміз. Талдықорған тұрғындарына тапсырамыз», - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Аталған компанияның әлегі бұл ғана емес. Мердігер мекеме осы үймен қатар, тағы бір 60 пәтерлі баспананың құрылысын бастап, аяқсыз тастаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары