$ 498.34  519.72  4.85

«Менің кәсібімді шенеуніктер тартып алғалы отыр» - кәсіпкер

Бұл жерде жоғары лауазымды шенеуніктің ізі байқалады.
фото: kzl.sud.kz
фото: kzl.sud.kz

Тағы бір кәсіпкер «мемлекеттік шенеуніктер тарапынан рейдерлікке ұшырап, бизнесімнен айырылып жатырмын» деп Жоғары Сот төрағасы Жақып Асановтың атына мәлімдеме жасады. Кәсіпкер Нұрбек Қапақовтың айтуынша, өз қолымен тұрғызған жылыжай бизнесі біреулерге керек болып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Менің дауласып отырған адамым, бұл ауыл шаруашылығының бұрынғы вице-министрі, сондай-ақ КазАгро бұрынғы вице-президенті. Менде өте өтімді мүлік – жылыжай бар. Қазір олар менің жылыжайымды тартып алып, ауыл шаруашылығының бұрынғы вице-министріне беру үшін бәрін жасап жатыр. Осы мақсатта олар КазАгро холдингін пайдаланып отыр. Яғни олар менен бұрмаланған шарт бойынша жылыжайымды алып қана қоймай, мемлекетті де лақтырғалы отыр, себебі менің бизнесім құласа, алған несием де қайтарылмайды.  Бұл жерде де сол жоғары лауазымды шенеуніктің ізі байқалады», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 

Кәсіпкердің айтуынша, соттасып көрген. Бірақ ештеңе шықпаған. Сот жүйесінің бәрі сыбайлас, түбіне жету мүмкін емес екенін айтады. Сосын амалсыз, әлеуметтік желілер арқылы қоғамның назарын аударғысы келген. 

«Өйткені менің ісім екі адамның арасындағы дау ғана емес. Себебі, менің ЖШС-ім КазАгро атынан мемлекеттен 1,5 миллиард теңге қарыз алған еді. Осы мақсатта жылыжайымды кепілге қоя отырып, қайта қаржыландыру мәселесін шешсем бе деп едім. Бірақ оларға мемлекеттің қарызын жапқаннан гөрі табысы жақсы жылыжай маңызды боп шықты. Сол үшін де КазАгро менің қайта қаржыландыру туралы өтініштерімді қарамай отыр.

Президентке де жаздым, нәтиже жоқ. Соттар қарағысы келмейді. Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы Нусупова істі қарамақ түгілі оқымастан осы дәлелдерді іске тіркеуден бас тартты. Өз дауымыз бойынша біз мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап-арыз берген едік. Сөйтсек, біздің осыған дейін егжей-тегжейлі жинаған дәлелдеріміз жоқ болып шықты. Судья істі қарау кезінде айқын теріс түсінік беріп отыр. 

Асанов Мырза, сотта не болып жатқанын маған түсіндіріп беріңізші? Бұл қандай өзгерістер? Егер біздің дәлелдерімізді қабыл алмаса, өзіміздің талабымызды қалай дәлелдемекпіз?», - деп атап өткен өзінің жазбасында.

Ол сондай-ақ, мемлекетке еш сенім қалмағанын жазған.

«Сенбеңіз, өйткені бұның барлығы бос сөз. Қайта қаржыландыру мүмкін шығар, бірақ тек «өз» компанияларын қолдау үшін ғана. Менің ісім - нақты мемлекеттік шенеунік тарапынан  болып отырған рейдерліктің классикалық үлгісі. Менде жоғарғы Соттың заңды сот актілерін қалай негізсіз жойғаны, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан кездегі барлық құжаттарды, оның ішінде келісім-шарттарды бұрмалаудың барлық дәлелдері бар. Мен оларды бірте-бірте, бәрін жариялайтын боламын. Егер мұның бәрі менің шағымдарымды объективті түрде қарастыруға себеп болмаса, мен жай ғана жылыжайды жабамын. Ол менің меншігім, онымен қалағанымды істеймін. Асанов мырза, сіздің соттарыңыз менің жылыжайымды ала алмайды. Мен оны одан да жағып жіберем, өйткені мемлекетке мен несиемді қайтарғаным керек емес, ал ол шенеунікке мен оны бермеймін. Барлық ҮЕҰ-ға, шетелдік құқық қорғау ұйымдарына жазамын және біздің елімізге ешқандай инвестиция салмауларын айтамын. Олардың барлық инвестициялары кейін шенеуніктің қалтасында кететінін ескертемін. Менің жылыжайым Біріккен Ұлттар Ұйымынынң Даму Бағдарламасының БҰҰДБ қаражаттары есебінен салынған. Керек болса, оларды да шақырамын», - деп атап өткен. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары