Әлеумет 27.07.2020 сағат 01:20

Алматылық журналист автобуста маска тақпаған жолаушымен бетжыртысты (ВИДЕО)

Жігіттің айтуынша, журналист тек камера арқылы сыпайы сөйлеген, оған дейін дөрекілік танытқан. Ал қыз оған жауап ретінде автобуста куәгерлер бар екенін айтты.
Алматылық журналист автобуста маска тақпаған жолаушымен бетжыртысты (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Журналист Динара Тұрсынова автобуста қасында отырған жігіттен медициналық бетперде киюін сұраған, алайда, ол маска киюден бас тартқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қыз ғаламторда оқиғаның видеосын жариялады. Тұрсынованың айтуынша, оқиға Алматыдағы №81 автобуста болған.

«Мен автобуста келе жатырмын, қасымда біреу маскасыз отырды. Мен одан бетперде киюін өтіндім, ол бас тартты, дөрекі сөйлеп маған күлді. Алдыңғы қатардағы әйел маған айқайлай бастады: «Ол маскасыз болса ше? Менімен қазақша сөйлес!.. Неге түсіріп жатырсыз?», – деп бөлісті қыз.

Осы кезде дауға басқа жолаушылар да араласып, қызға қарсы пікірлер айтқан.

Жігіттің айтуынша, журналист тек камера арқылы сыпайы сөйлеген, оған дейін дөрекілік танытқан. Ал қыз оған жауап ретінде автобуста куәгерлер бар екенін айтты.

Динара Тұрсынова жігіттің сөмкесінде бетперде болғанын, бірақ, ол оны тек дау аяқталған кезде кигенін айтады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар