$ 498.34  519.72  4.85

«Тоқаев мырза, сізден сонда не үміт, не қайыр?»: Дулат Ағаділдің анасы Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

Бір-бірінің батасына бара алмай, үйінен шыға алмай отырғанда сіздер отшашу жасап, той тойладыңыздар.

Қоғам белсендісі болған марқұм Дулат Ағаділдің анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Гүлбараш Жолмұхамбетова Құрбан айт мерекесін онлайн түрде өткізу дұрыс еместігі жайлы, сонымен қатар пандемия кезінде халыққа беріліп отырған әлеуметтік көмек туралы сөз қозғады. Бейнежазбаны Youtube желісіне Нағыз Қазақ арнасы жариялады.

"Кеше Facebook желісінде бас мүфти құрбан айттың онлайн өтетінін айтты. "Болмайды" деді. Ол неге болмайды. Өзі жылына бір келетін мерекені қалай онлайн өткізеді? Мен үкіметті түсінбеймін. Бұл – біздің қазақтың дәстүрі. Бұрынғы аталарымыз бірінің үйіне бірі барып осы мерекені тойлаған болатын. Тойланбауы керек болса, сіздер неге кеше Назарбаевтың туған күнін тойладыңыздар? 6 шілде күні біздің Арқалықта 15 адам жерленіп жатты. Қалың қара қазақ қара жамылып отырды. Бір-бірінің батасына бара алмай, үйінен шыға алмай отырғанда сіздер отшашу жасап, той тойладыңыздар. Кеше мен баламның асын беремін деп үйге адам жинап едім, жер бетіндегі ОМОН-дардың бәрі біздің есік алдында болды. Санэпидемстнациядан адамдар келді. Одан қала бере таңға дейін полицейлер бізбен жүрді. Төбемізден түсіріп тұрды. Бұл не деген қасиетсіздік. Сонда менің өлген бір баламнан қорқып отыр ма? Жұдырықтай бір баламнан қорқып, қаншама қызметкерді біздің соңымызға салып отыр үкімет?! Дулат айтатын еді "менің артыма салып қойған адамдардың ақшасын неге жетім-жесірге бермейді" деп. Соны мен енді түсіндім. Қаншама машина келді. Олар әр жерде тұрды. Оларға ақша беріп бізді аңдытқанша, 42500 теңгені бермейді ме дұрыстап? Оны біріне берсе, біріне бермейді. Мысалы мен зейнеткермін, әдейі 1414-ке хабарластым. Маған берсін деп, ал олар бермейміз дейді. Жарайды бермей-ақ қойсын, мен оған қарап тұрған жоқпын. Басқаларға дұрыстап үлестіріп берсін. Одан бөлек 5500 төленеді дейді. Бұл не масқара, Тоқаев мырза! Сіз өзіңіз келдіңіз билікке. Артық айтсам ренжімеңіз. Өзіңіз келгеннен кейін сіз бізге жауап беруіңіз керек. Сіз халықтан лайықты ат ала алмадыңыз. Сізден сонда не үміт, не қайыр?", - делінген видеода. 

Дереккөз: Qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары