Елімізде коронавирус індетін екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазіргі уақытта бізде Covid-19 вирусын екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Алайда қайтадан тесттен өткен кезде коронавирус инфекциясы бойынша оң нәтиже көрсеткен жағдайлар бар. Біздің иммунологтардың сөзінше, бұл – бастапқы кезеңде коронавирус жұқтырған пациенттің ағзасында қалып қойған вирус қалдығы. Яғни бұл – қалдық сипатындағы құбылыс. Олар тек тестте екінші рет көрініп тұрады. Оның үстіне аурудың ешқандай белгілері байқалмайды», - деді денсаулық сақтау министрі.
Ол тұрғындардан елде осыған ұқсас қандай да бір жағдай болып жатса, хабарлауды сұраған.
Соңғы деректерге сүйенсек Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны89 мыңнан асты. Өткен тәуліктің өзінде ана 1414 адам коронавирус жұқтырған. Осы уақытқа дейін барлығы 793 науқас көз жұмған.
Ал жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 959 936 жетіп отыр. Ал қайтыс болған адамдардың саны 665 мыңнан асқан.