$ 498.34  519.72  4.85

«Качать, качать, до конца качать!»: отставкадағы полицей Ерлан Тәңірбергеновтің халықта өші бар ма?

«Халық деген не ол? Халық деген – әншейін, халық ол! Тәртіп керек бізге. Оңай емес, азаннан кешке шейін тұру деген! Жаңа бір-екі жігіттен естіп отырмын, «қара халықты қинап отыр» дегенді. Қинап отқан жоқ, наказать надо!» - деп еліреді ол.
фото: newizv.ru
фото: newizv.ru

Кеше дәл Құрбан айт қарсаңында ішімдікке сылқия тойып алған бір полицейдің өз әріптестерін халыққа қарсы үндеген аудиожазбасы тарады. Бастан-аяқ балағатқа толы ол сөз қазір Instagram әлеуметтік желісіндегі @dudosera парақшасында тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түркістан автопаркінің иесі, депутат Рахым Тәңірбергеновтің баласы қазір сөйлейді, тыңда. Тәңірбергенов Ерлан Рахымұлы бұрын милицияда істеген, қазір пенсияда. Халық жайында айтқан сөзі. «Айтқан сөз – атылған оқ» деп жазған әлгі дауысты ресейлік полицейлердің суреттерімен «әрлеп», желіге таратып жіберген адам.

Ал шенділерге «шешесін еске сала отырып» айтқан ақылдың толық нұсқасы мынау:

«Жігіттер, қалайсыңдар? Мен Тәңірбергенов Ерлан. Өздерің білесіңдер, пенсиядамын. Жаңа бір жігіттер айтып жатыр, «халық қиналып жатыр, андай-мұндай» деп. Білмеймін енді, таныс жігіттердің дауысы сияқты...

Жұмыста жүрген жігіттер, мен сендерге ырзамын. Жұмыстарың оңай емес. Постта екі сағат тұрсам, шешеңді..., шынымды айтайын, өзім зорға шыдаймын! Не айтайын, жігіттер, сендердің бәріңе табыс, денсаулық тілеймін. Сендер Алланың жіберген адамысыңдар. Мына ішкі істер саласында істеген адамдар – Құдайдың жіберген нәрсесі.

«Қарапайым халықты қинап жатыр, анау-мынау» дейді. Жоқ, сендер нормально істеп отырсыңдар! Менің сіздерге айтарым – качать, качать, до конца качать! Аяушылық деген болмауы керек! Дұрыс, істеген жұмыстарың! Ырзамын. Көріп отырмын.

Халық деген не ол? Халық деген – әншейін, халық ол! Тәртіп керек бізге. Оңай емес, азаннан кешке шейін тұру деген! Жаңа бір-екі жігіттен естіп отырмын, «қара халықты қинап отыр» дегенді. Қинап отқан жоқ, наказать надо! Сендер жұмыстарыңды атқарып отырсыңдар. Бәріңе дух берем, давай! Качать, качать, до конца качать ету керек! Болды, шешесін..., уақыты келді уже! Тәртіп керек бізге...

Аноу кітапта жазып кеткен... Құран кітапта... «Шешеңді..., ақшаны алмасаң, күнәһарсың, өзің күнәһарсың! Алуың керек сенің» деп. Алланың адамысыңдар. Ұмытпаңдар оны! Доғдыр аурудан ақша алмаса, оны жазаламайды, шешеңді...! Дәл Оразаның кезінде айтып тұрмын мен қазір!

Жаңағыдай «қинап отыр» дегендей әңгімені тоқтатыңдар! Ондай сөзді естімейтін болайын! Анау молда-солдаң бар ма, әкел маған, тірідей қойып берші! Мен шешесін..., качаттап берейін ол сөздерді! Давай, удачи, жігіттер! Басыңдар! До конца дабить етіңдер, на х... бл...ть!».

Оны тыңдаған көпшілік «Халық жауы», «Енді бір тәуліктен кейін кешірім сұрап тұрады. Бізде сондай «дәстүр» қалыптасқан», «Халық деген кім дейді ғой. Халық – сенің әкең, шешең, бауырың, құдаң, көршің. Яғни, погоны жоқтар. Масқара, естігеннің өзі жаман екен» дегендей пікірлер қалдыруда. Тіпті, олардың дені ашу-ызаға ерік беріп, «депутаттың баласын» боқтап-балағаттауда. 

Осы орайда 00aseke деген логин иесі «Бұл Түркістанда тұратын, полициядан пенсияға шыққан адам. Тәңірбергенов. Депутаттың баласы. Бірақ, мен айтқан жоқпын, біреу менің даусымды салған дейді» деп жазды. Ал оған daniyarkenzhaliev деп тіркелген азамат: «Отмазка ғой. Кім даусын салады? Звезда емес қой», - деп сенімсіздік танытқан. Одан кейін дереу alievas21 деген аккаунт иесі де: «Мен ол кісіні танимын. Онын даусы деп ойламаймын. Бірақ, ол кісіні де ақтамаймын», - дей қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары