$ 443.35  475.54  4.82

«Біздің елде педофильдерге қарсы заңдар өте әлсіз» - қоғам белсендісі (ВИДЕО)

Мұндай айуандар жазадан оңай құтылғасын келесі бүлдіршінді аңдиды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Тағы бір педофильдің кішкентай қызды алдап, ертіп алып кетпек болған видеосы әлеуметтік желі бетінде қызу талқыланып жатыр. Пікір білдірушілердің барлығы да педофильдерге қолданылатын жазаны күшейтпей, мұндай оқиғаларға тоқтау болмайтынын айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісі әрі Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қатауовтың ойынша, елде педофильдерге қарсы заңдар өте әлсіз.

«БҚО Полиция департаменті басшысы М.Әбіләзімов назарына!
Департаменттің осы туралы түсініктеме беруін талап етеміз! Әлде халықтың ашынып, ДВД алдына барып талап еткенін күтіп отырсыздар ма?!

Мына видеокамерада Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы көшесі, 113 үйдің ауласында педофилдің бүлдіршінді алдап, жетектеп бара жатқанын байқаған жігіт, оны ұрып, сәбиді алып қалады.

Біздің елде педофилдерьге қарсы заңдар өте әлсіз. Мына видеодағы ер азаматты полиция ұстап, бірақ «қылмыстық әрекет жоқ» деп босатып жіберу мүмкін.

Бұл айуан жазадан оңай құтылғасын келесі бүлдіршінді аңдиды.

Себебі, мамандар педофилдер-психикалық ауытқушылығы бар адамдар дейді», - деп пікір білдірген өзінің facebook парақшасында.

Естеріңізде болса, ғаламтор бетінде тағы бір педофильдің кішкентай қызды алдап, ертіп алып кетпек болған видеосы пайда болды. Абырой болғанда, бүлдіршін қызды белгісіз бір адам құтқарып қалған.

Бейнежазба Facebook желісіндегі «Немолчиkz» парақшасында жариялан Оқиға Орал қаласының Зачаганск ықшам ауданында болған. Кадрдан ойын алаңында алаңсыз ойнап отырған екі қызға белгісіз біреудің жақындағанын анық байқауға болады. Біраз уақыт алдап, әңгімелескеннен кейін ол қыздардың біреуін өзімен бірге ертіп кетуге бастайды. Сол мезетте тұрғындардың бірі келіп қалып, оны ұрып құлатып, қызды құтқарып қалады. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл видео 2 тамыз күні, кешкі уақыттарда түсірілген. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынған. 

«Орал қаласы ПБ Зашаған полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз ер адамның Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қызды алып кеткісі келгені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қыздың анасы жазған өтініш тіркелді. Ер адам анықталып, ұсталды. Ол мас болған», - делінген Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті таратқан мәліметте.

 

 

 

деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Facebook желісіндегі «Немолчиkz» парақшасында жариялан. Оқиға Орал қаласының Зачаганск ықшам ауданында болған. Кадрдан ойын алаңында алаңсыз ойнап отырған екі қызға белгісіз біреудің жақындағанын анық байқауға болады. Біраз уақыт алдап, әңгімелескеннен кейін ол қыздардың біреуін өзімен бірге ертіп кетуге бастайды. Сол мезетте тұрғындардың бірі келіп қалып, оны ұрып құлатып, қызды құтқарып қалады. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл видео 2 тамыз күні, кешкі уақыттарда түсірілген. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынған. 

«Орал қаласы ПБ Зашаған полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз ер адамның Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қызды алып кеткісі келгені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қыздың анасы жазған өтініш тіркелді. Ер адам анықталып, ұсталды. Ол мас болған», - делінген Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бұл оқиға әлеуметтік желі бетінде қызу талқыланып жатыр. Пікір білдірушілердің барлығы да педофильдерге қолданылатын жазаны күшейтпей, мұндай оқиғаларға тоқтау болмайтынын айтқан. 

Қоғам белсендісі әрі Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қатауовтың ойынша, елде педофильдерге қарсы заңдар өте әлсіз.

«БҚО Полиция департаменті басшысы М.Әбіләзімов назарына!
Департаменттің осы туралы түсініктеме беруін талап етеміз! Әлде халықтың ашынып, ДВД алдына барып талап еткенін күтіп отырсыздар ма?!

Мына видеокамерада Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы көшесі, 113 үйдің ауласында педофилдің бүлдіршінді алдап, жетектеп бара жатқанын байқаған жігіт, оны ұрып, сәбиді алып қалады.

Біздің елде педофилдерьге қарсы заңдар өте әлсіз. Мына видеодағы ер азаматты полиция ұстап, бірақ «қылмыстық әрекет жоқ» деп босатып жіберу мүмкін.

Бұл айуан жазадан оңай құтылғасын келесі бүлдіршінді аңдиды.

Себебі, мамандар педофилдер-психикалық ауытқушылығы бар адамдар дейді», - деп пікір білдірген өзінің facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары