$ 448.15  483.46  4.86

Астанада 30 мың адам сиятын мешіт салынып жатыр

Бұл мешіт - еліміз ғана емес Орталық Азиядағы ең үлкен құлшылық орны болмақ.
фото: abai.kz
фото: abai.kz

Қала әкімі Алтай Көлгінов Астанада салынып жатқан ең үлкен мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкімнің айтуынша бұл мешіт — еліміз ғана емес Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ. Бұл туралы ол өзінің instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған.

«Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешіттің құрылысы барысымен таныстым. Сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл мешіт — еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт», - деп жазады Алтай Көлгінов.

Құрылыс түрік компаниясының демеушілік қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр.

«Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту бойынша жұмыстар жүргіземіз. Алаңдардағы құрылыс жұмыстары санитария нормаларын қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс», - деді Елорда әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары