$ 494.87  520.65  4.91

Жалған КВИ-тест анықтамасын сатып жүрген дәрігер ұсталды (ВИДЕО)

Бұл анықтамаларда коронавирус белгілері анықталмады деген нәтиже көрсетілген.
фото: rbc.ru
фото: rbc.ru

Алматы облысында коронавирус белгілері анықталмады деген нәтижесі бар  жалған анықтамалар сатып келген медицина қызметкері ұсталды. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дерек көзінің жазуынша, 1984 жылы туған медицина қызметкері маусым айынан бастап қазіргі күнге дейін КВИ-ға теріс нәтиже көрсетілген  он екі жалған анықтама сатып үлгерген. Оны «Covid-19»-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін  осындай 12 анықтама ұсынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды», - деп хабарлайды Қаржы министрлігі қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары