10.08.2020, 04:15

Халық зайыбынан айрылған 7 баланың әкесіне 5 млн теңге жинап берді

Әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етіп, отбасы оны жөндеуге несие алған.

Қазақстандықтар 7 баланың әкесі Ержігіт Хайрашевке 5 миллион теңге аударды. Еске сала кетсек, Ержігіт Хайрашевтің әйелі қатерлі ісіктен 1 тамызда қайтыс болған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Перинаталды орталықта аула сыпырушы болып жұмыс істейтін көп баланың әкесі 30 шілдеде облыстық «Мой город» басылымына жүгінген. Ол 4 ай бұрын 33 жастағы әйеліне гинекологиялық тұрғыда қатерлі ісік диагнозы қойылғанын айтты. Соның салдарынан келіншек шілде айының соңында комаға түскен.

Олар көпбалалы отбасының жәрдемақысы (шамамен 100 мың теңге) мен отағасының 42 мың теңге жалақысына күн көріп келген. Әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етіп, отбасы оны жөндеуге несие алған.

«Мен бұған әлі де сенгім келмейді, бірақ, Гаухар кетті. Жетісін өткіздік. Мен бізді қолдаған барлық адамға алғысымды білдіремін. Мақала жарияланғаннан кейін көпшілігі біздің проблемамызға жауап берді. 5 миллион теңге аударылды. Көбісі үйге азық-түлікпен келді. Олар Құрбан айтқа 5 қойдың етін және балаларға арналған заттар, ойыншықтар әкелді», - дейді Ержігіт Хайрашев.

Ол қарыздарды төлеп, қалған ақшаны мемлекеттен алуға ниет білдірген пәтерді жөндеуге жұмсамақшы. «Маған үйге ыңғайлылық тудырып, жиһаз сатып алу керек», - дейді өзі.

Ержігіт Хайрашев «көпбалалы отбасы» санатымен пәтер алуға кезекте тұр. Қазір ол 131-орында.

Еске сала кетсек, Ержігіт Хайрашевтің әйелі Гаухар Хайрашева 1 тамыз күні кешке көз жұмған еді. Артында аңырап күйеуі мен 7 баласы қалды. Кенжесі – небәрі 7 айлық.