Қаламгер идеологияның әлсіреп, рухани құндылықтардың құлдырап бара жатқанына алаңдап жүр, деп жазады jurnalist.kz.
Әсіресе, өзінің өмір жолын, жетістігін кітап етіп шығарып, жарнамалап, сатып жатқандардың әрекетіне қынжылады.
«Үлкен үрейдің үстіндемін мен. Ана ретінде, қаламгер ретінде. Ұрпағым не болады деп ұйқым келмейді. Қазір менің Абай айтқандай денім сау емес, аурумын. Қазір біз кітабын сатып жүрген журналист, тіпті, журналист емес қыз балаларды білеміз. Бір түнде миллионер болдым деп. Селкілдеп жүрген. Сол кітаптар қазір классиканы тасасында қалдырды. Әдебиетті тазалау керек. Бұл идеологиядағы қызметіміздің әлсірегені», - дейді ақын.
Руханият әлемінің тоқырап бара жатқанына алаңдаулы ақын сондай-ақ, "қыз тұрмысқа шықты" деп жазудың орнына "қыз үйленді" деп жазатындарға наразы.