Әлеумет 16.08.2020 сағат 16:11

ШҰҒЫЛ: Айсұлтан Рахат қайтыс болды

Алдын ала деректер бойынша, Елбасының жиенінің жүрегі тоқтап қалған.
ШҰҒЫЛ: Айсұлтан Рахат қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін Лондон қаласында Айсұлтан Рахат қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

zakon.kz порталының жазуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиенінің жүрегі тоқтап қалған. Қазіргі уақытта қайғылы қазаның себебі анықталып жатыр.

Айсұлтан небары 30 жаста ғана болатын.

Айсұлтан Рахат – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы.

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген.

Айсұлтан Рахат – «Сандхерст» британ корольдік әскери академиясының түлегі. Бұл оқу орнын Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль, британ патшайымының немерелері Уильям мен Гарри бітірген.

Британияның корольдік «Сандхерст» әскери академиясын бітіргеннен кейін, Отарға әскери борышын өтеуге аттанады. ҚР қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының штатында болып, аға лейтенант атағын алды.

Бала кезден футбол ойнайды. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысады.

«Челси» және «Портсмут» жастар командалары мен қазақстандық «Астана» командасында ойнаған.

2017 жылдың ақпанында Айсұлтан Рахат «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының» вице-президенті болып тағайындалды.

 Бірақ көп ұзамай президенттің жиені өтініш жазып, жылы орнын босатты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар