17 тамыздан бастап елорда маңына қатынайтын автобус бағдарлары қайта іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ертең, 17 тамыз күні қала маңындағы бағдарларды шығарамыз. Автобустар сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. Барлық қала маңындағы автобустарда дезинфекция жүргізіледі», - делінген CTS компаниясы таратқан хабарламада.
Бұл ретте, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктер 22-23 тамызда жүрмейді.