16.08.2020, 22:10

Ертеңнен бастап елорда маңына қатынайтын автобустар қайта жүретін болды

фото: azattyq-ruhy.kz
Автобустар сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді.

17 тамыздан бастап елорда маңына қатынайтын автобус бағдарлары қайта іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ертең, 17 тамыз күні қала маңындағы бағдарларды шығарамыз. Автобустар сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. Барлық қала маңындағы автобустарда дезинфекция жүргізіледі», - делінген CTS компаниясы таратқан хабарламада.

Бұл ретте, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктер 22-23 тамызда жүрмейді.