Әлеумет 19.08.2020 сағат 17:20

«Бекболат Тілеуханның қарғыс айтқан аудиожазбасынан Алла да шошып кеткен шығар» - Тоқтар Жақаш

Депутат өзінің халқына қарғыс жаудырып жатыр. Тіпті, анау-мынау шайпау қатындардың аузы бармайтын қарғыс қой, бұл!
«Бекболат Тілеуханның қарғыс айтқан аудиожазбасынан Алла да шошып кеткен шығар» - Тоқтар Жақаш
фото: abai.kz,vlast.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Журналист әрі қоғам белсендісі Тоқтар Жақаш Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, депутаттар – халықтың құлы! Өзі сайлаған сайлаушысына адекватты түрде жауап беруі тиіс. Ал Бекболат керісінше, өзін сынаған адамның жағасынан алып, қарғыс жаудырған. 

«Типа «Халық қалаулысы», «Нұр-Отан» партиясының белсенді мүшесі Бекболат Тілеуханда да «қарғыс айтып, Аллаға тапсыратын адамдардың тізімі бар-ау» деп ойламаппын.

Негізгі әңгіме әлеуметтік желідегі белсенді Серік Боқанның Бекболат Тілеуханды сынаған жазбасынан басталған. Онда автор депутат Бекболат Тілеуханды «Қытайдан келген бір қазаққа жәрдем бермеді және пандемия кезінде ешкімге көмектеспеді» деп сынайды. Ал сол жазбасы үшін депутат пост авторының жекесіне шығып, «Ақыретте жағаңнан алам! Инша-Алла! Бүкіл намазымда Алла сенің жаныңды шырылдатсын деп қарғыс айтамын! Намазымда қарғыс айтатын бірнеше адамның тізімі бар еді. Енді сен де сол тізімге қосылдың. Лә иллаһа ил Аллах!» дейді.

Бекболат Тілеуханның ондай «қара тізімінде» тағы кімдердің бар екені бір Аллаға және өзіне ғана аян», - деп жазған бұл жолы. 

Тоқтар Жақаштың жазуынша, өзге елдің депутаттары халқына жәрдемдесіп жатады. Ал бізде керісінше.

«Қазір әлем қарыштап дамып барады. Өркениетті елдерде дін адамзаттың мейірім мен шуақ сыйлайтын биік мәдениетіне айналды. Илон Масктың кемелері планетааралық, жұлдызаралық, тіпті, галактикааралық сапарларға жоспар құрып тастады. Қырғыз елінің депутаттары пандемия кезінде жалақыдан бас тартып, ауруханаларға өз қалтасынан жәрдемдесіп, халықтың жағдайын жасауға тырысып жатыр.

Ал біздің депутатымыз басынан сәл сөз асса, жекесіне шығып, ортағасырлық қарғысты қайта тірілтіп алып, өзінің халқына жаудырып жатыр. Тіпті, анау-мынау шайпау қатындардың аузы бармайтын қарғыс қой, бұл! Серік Боқанның жазбасы, депутатқа сауал қоюы өте орынды нәрсе. Ары-беріден кейін, шенеуніктер мен депутаттар – халықтың құлы! Халықтың аяғын тілімен жалап кешірім сұраса да өрескел емес. Өйткені, өзі сайлаған сайлаушысына адекватты түрде жауап беруі тиіс еді.

Қазір «Нұр-Отан» партиясы келесі сайлауға праймериз арқылы іріктеп жатқаны белгілі. Бекболат Тілеухан қызыл тіліне иек артып, праймеризден шапқылап өте шығуы әбден мүмкін. Бірақ жаңарғысы келетін, халықтың сөзін сөйлеп, жырын жырлағысы келетін партияға ортағасырлық ұстанымдағы, қоғамды тек артқа сүйрейтін регресстік ұстанымдағы Бекболаттар керек пе? «Нұр-Отан» осындай ультра-элементтерден арылмаса, жаңара қоюы екіталай-ау!

Бекболат Тілеуханның қарғыс айтқан аудиожазбасын тыңдап көріңіз. Төбе шашыңыз тік тұрып, жүрегіңіз мұздайды! Мұндай қарғыстан Алла да шошып кеткен шығар?!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.   
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар