$ 489.06  536.21  5.05

Үндістанда адамдар коронавирустан сиырдың зәрін ішіп емделіп жатыр (ФОТО)

Зәрді күн шыққанға дейін ішеді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Әлемнің әр түкпіріндегі мамандар жаңа вирустың емін табу үшін барлығын жасағанымен, кейбір адамдар өздерін және айналасындағылардың бәрін өздері емдеуге тырысып жатыр. Кей елде ақылға қонымсыз ем түрлері бар. 

Кей елдердің халқы дәрігерлерден гөрі адамдар өз күштеріне көбірек сенетін сияқты. Дәлірек айтсақ, жүздеген жылдар бұрын қолданысқа ие болған ескі әдісті қолданыда.

Үндістан өзінің киелі сиырларымен таңғалдырады. Олар сиыр зәрінің барлық ауруларды емдей алатынына сенімді.

Бірақ екі шарт бар - несеп тек таза, бұқамен қосылмаған сиырдан алады. Зәрді күн шыққанға дейін ішеді.

Түрікменстанда адамдар мүлдем басқа деңгейге көшті - ел президенті үй-жайларды адыраспан түтінімен аластауға кеңес берді. Міне, жаңалық. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл өсімдік таңғажайып емдік қасиетке ие. Сонымен қатар, ежелгі дәуірден бері ата-бабалары осындай маңызды рәсімді әр маңызды оқиға кезінде жасаған. Ата-бабалар қателесуі мүмкін емес деп санайды.

Ал, Шешенстан президенті Рамзан Қадыров жерлестеріне дүрбелеңге салынбауға кеңес берді. Өзі екілді лимон мен бал қосылған су ішіңіз, сонымен қатар сарымсақ жеңіз. Сонда қан таза болады деп кеңес берді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары