27.08.2020, 01:04

«Құдай басқа бермесін!»: елордалық шенеуніктер уәдесінде тұрмады (ВИДЕО)

Жоба сараптамадан өтіп жатыр.

 Елордалық шенеуніктер уәдесінде тұрмады. Бүгін Көктал кентінің тұрғындары осылай деп шағымданды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Еске сала кетейік, сығырайған электр жарығынан әбден шаршаған көкталдықтар осыдан бір жыл бұрын арнамызға жанайқайын жеткізген еді. Олар ауданда электр бағаналарының жоқтығын, өздері тартқан тоқ сымдарының жерге дейін сүйретіліп жатқанын көрсеткен-ек. Сол кезде жауапты мекеме биыл жазда мәселені шешеміз деген болатын. (Сол уәдені видеодан тыңдауға болады).

"Қазір біз бұл аумақты жарықтандыру жобасын әзірледік. Жоба сараптамадан өтіп жатыр. Келесі жылы жаз айынан бастап аталған көшеде желі тарту жұмыстарын бастаймыз. Бағаналар қойып, жаңа желілер тұрғызамыз. Сол кезде жарық қуатының аздығы сынды мәселелер өз шешімін табады", - деді "Астана-АЭК" АҚ бас инженері Руслан Абжанов. 

Бірақ жауапты мекеме мәселені шешпеген. Жергілікті халық әлі күнге дейін жарыққа жарымай келеміз дейді.

"Қазір сол авариний состояниеде. Құдай басқа бермесін, егер пожар болатын болса жалғыз бір үй емес, көшеде неше үй бар бәрі кетеді. Обязательно бір ЧП-ны күтіп отырған шығар", - деген ойда Нұр-сұлтанның тұрғыны Азамат Белялов. 

 Бұл мәселе бойынша елордалық атқамінерлерге қайта хабарластық. Дәл қазір бізбен байланыста Сарыарқа аудандық электр желісі басшысының орынбасары Асқар Қосымбай бар. Асқар Айбекұлы, қайырлы кеш! Мәселені тындадыңыз. Жауаптылар уәде береді, бірақ орындамайды. Бұл үйреншікті жағдайға айналған сияқты. Неге сөзінде тұрмайды? Мәселе қашан шешіледі? 

"Бұл бізге белгілі мәселе. Электрмен жабдықтау сапасын жақсарту үшін инвестициялық бағдарлама аясында "Астана-РЭК" Акционерлік қоғамы жобалық сметалық құжаттарды әзірледі. Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты жұмыстар 2021 жылға ауыстырылды.Бұл мәселе түбегейлі шешіледі деген ойдамыз", - деді Сарыарқа аудандық электр желісі басшысының орынбасары Айдос Қосымбай.