$ 439.43  473.31  4.82

Егер сіз қазақ болсаңыз, өзіңізді қай "нәсілге" жатқызасыз? - әлеуметтік желіде шу шықты

Желінің басқа да қолданушылары АҚШ-тан тыс мұндай нәсілдік бөлінушілік жоқ екенін айтуда.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары қазақтар қай нәсілге жатады деген сұрақтың аясында қызу пікірталасқа түсуде, деп хабарлайды Oinet.kz.

"Егер сіз қазақ болсаңыз, өзіңізді қай "нәсілге" жатқызасыз? Ақ нәсілді? Азиаттық? Әлде ортаазиялық? Мені отбасым Қазақстаннан бағып алған, сол себепті АҚШ-тан тыс аумақтарда бұл туралы не айтатынын білмеймін. Мен өзімді қайсыған жатқызсам болады?" - дейді Reddit қолданушысы. 

Желінің басқа да қолданушылары АҚШ-тан тыс мұндай нәсілдік бөлінушілік жоқ екенін айтуда. Ал АҚШ-тың халық санағы бюросы бойынша қазақстандықтар ақ нәсілге жатқызылады екен. 

"АҚШ-тың халық санағы бюросы 1997 жылы қабылданған нәсілдік және этникалық қатыстылық бойынша басқару және бюджет стандарттары ережелерін сақтауы керек. Ақ нәсілділерге Еуропадан, Орта Азия және Солтүстік Африка мемлекеттерінен шыққандар жатқызылады", - делінген бюроның ресми сайтында. 

Айта кетейік, АҚШ-та азаматтарды ақ, қара (афроамерикалық), америкалық үндіс немесе Аляскада туған, азиаттық, Гавайида туған немесе Тыных мұхит аралдарында туған деп бөліну қарастырылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары