$ 494.87  520.65  4.91

Сириядан қайтарылғандардың көбі радикалды идеологиядан бас тартқан

«Жусан» гуманитарлық операциясы бойынша, барлығы 595 азамат елге оралды. Олардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар.

Сирия және Ирактан қайтарылған азаматтарды дерадикализациялау және теологиялық-психологиялық оңалту жөніндегі міндеттерді шешу үшін «Ақниет орталығы» ҚҚ және жергілікті атқарушы органдардың 59 маманы тартылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Министрлік қайтарылған азаматтарды дерадикализациялау және теологиялық-психологиялық оңалту жөніндегі міндеттерді шешу үшін «Ақниет орталығы» ҚҚ және жергілікті атқарушы органдардың 59 маманы (42 теолог және 17 психолог) тартылғанын атап өтті. Нәтижесінде, олардың басым көпшілігі радикалды идеологиядан бас тартқан. Ал белгілі бір бөлігі зайырлы өмір салтына көшті немесе дәстүрлі исламға сәйкес нормаларды сақтай бастады», - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, былтыр Қазақстан азаматтарын террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша «Жусан» гуманитарлық операциясы жүргізілген болатын. Операция қорытындысы бойынша, барлығы 595 азамат елге оралды. Олардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары