Қылмыстың жаңа түрі күшейе түсуде – ер адамдар (егер оларды осылай атауға болатын болса) жас әйелдермен қарым-қатынас орнатып, кейін ұятты суреттерін әлеуметтік желіде жариялаймын деп қорқытып, олардан ақша талап ете бастайды. Атырауда осындай оқиғалардың бірі қайғылы жағдайға ұштасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы АқЖайық басылымына сілтеме жасап.
«АқЖайық» басылымына бір бопсалаушының кесірінен өз-өзіне қол жұмсаған әйелдің әпкесі хабарласты. Ажырасқаннан кейін, балаларды өзі тәрбиелеп, бір тыным таппай оларды аш қалдырмауға тырысып жүрді. «ДругВокруг» әлеуметтік желісінде ол Түркістан тұрғынымен танысып, хат алмасып, оның ойынша екеуара сезім оянды. Өткен жылдың желтоқсан айында ол Атырауға келіп, бірнеше күнді бірге өткізді. Оны интимдік суретке түсіру үшін тамағына немесе сусынына бір нәрсе қосып жіберген деп күдіктенеді туыстары. Өйткені әйел өте қарапайым адам болған және бұлай суретке түсуге батылы жетпес еді деп тұжырымдайды.
Ол ұйықтап жатқанша әлгі «досы» оны суретке түсіріп қана қоймай, телефонында сақталған барлық нөмірлерді көшіріп алған. Содан кейін ол суреттерді таратпау үшін ақша талап ете бастады. Әйелдің табысы аз - шамамен 50 мың, ал ол бірден 100 мың немесе 200 мың теңгеден талап етіп отырды. Әйел мүмкіндігі жеткенше төлеп келді. Ұзақ уақытқа дейін туыстары бұл туралы ештеңе білген жоқ, тек оларға телефон соға бастағасын ғана білді. Ол әлгі әйелді нашар адам деп, суреттерін жібере бастаған. Тіпті түн ішінде, мас күйінде және әртүрлі нөмірлерден телефон шалатын. Салдарынан бөтен нөмірден қоңырау шалында әйел де, оның туысқандары үрке бастап, түнде телефондарын өшіріп қояды. Мынадай қысымды көтере алмаған әйел сотқа жүгінеді. Ашық дереккөздерден біз бұл істі айыпталушының тегі бойынша тауып алдық. Белгілі болғандай, сотта бопсалаушы өз кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады және енді бұндай әрекет қайталанбайды деп уәде берді. Сот ҚР ҚК-нің 194-бабы («Бопсалау») бойынша оның бас бостандығын екі жылға шектеуге үкім шығарды.
«Қалай екенін білмеймін, бірақ ол Атыраудан - алдымен Түркістанға, кейін Қызылордаға кетіп қалған. Бір қызығы, әпкесіне телефон арқылы хабарласып, әбден мазасын алады. Балағаттап, ақша талап етті, - дейді Айгүл көз жасын тыя алмай. - Бізге де телефон соғып, айтпағаны жоқ, тіпті бір туысымызды бопсалады. Мүмкін, ол оның жалғыз құрбаны емес шығар, мүмкін біреу әлі күнге дейін оның әрекетінен зардап шегіп жүрген болар. Біз әпкемізге полицияға қайтадан жүгінуге кеңес бердік. Ол арыз беріп, тергеуші істі сотқа жіберді. Бірақ сот оның жазбаша өтініші болмағасын істі қараған жоқ. Ол қайтыс болғаннан кейін біз тергеушіден неге өтініш жазу керек екенін ескертпегенін сұрадық. Ол оған қоңырау шалып, бірақ ол жауап бермеді деді. Тағы да қайталап айтамын, ол бөтен нөмірден түскен қоңыраудан қатты қорқып қалған. Тергеуші оған хабарлама жазып жіберуі керек еді... Әпкем азаптаушымен сөйлескен күйде, асылып қалған: оның асылып тұрған өлігіне тап болғанымызда телефонның арғы жағындағы дауыс әлі боспасалап айқайлап жатты».
Айгүл біздің сот төрелігі оның әпкесін азаптаушыдан қорғай алмағанына наразы және басқа да әйелдер оның құрбаны болуы әбден мүмкін деп алаңдайды.
ОЛАРҒА ҚОЛДАНАТЫН БАП ЖОҚ
"Қазір секстинг* арқылы әйелдерді қудалау кең таралған. Өкінішке орай, біздің Қылмыстық кодексте «Қудалау» бабы қарастырылмаған, тек «Қауіп» бабы бар, оның жазасы - ең көп дегенде 60 тәулік қамауға алу. Сондықтан қылмыскерлер өздерін еркін сезінеді. Мұндай жағдай Астанада болды - жас қыздың жалаңаш суретін жариялаймыз деп қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, анығында зорлаған, бірақ ол ештеңе дәлелдей алмады. Сондықтан біз қазір Қылмыстық кодекске неғұрлым қатаң жазалау шараларымен «Қудалау» бабын енгізу үшін жұмыстанып жатырмыз, - дейді «НемолчиKZ» зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорының басшысы Дина СМАИЛОВА.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеудегі адамның орналасқан жері анықталуда.