Атыраулық полицейлер карантиндік талаптың сақталуын қадағалау барысында алдымен СМП-163-те орналасқан мейрамханадағы дүбірлі тойдың, одан кейін Рыбникова мен Жаңаталап ауылдарындағы жиынның үстінен түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш үйлену тойы да тоқтатылды. Той ұйымдастырғандарға жаза тағайындауды шешу үшін оқиға материалдары санитар дәрігерлерге жіберілді.
Атырау облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жергілікті құқық қорғау органдары 5 шілдеден бастап өңірде карантин режимін бұзған 1713 оқиғаны анықтаған. Оның 50-ден астамы – отбасылық жиындар.