Әлеуметтік желілерде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің спорттық жаттығу жасап жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлгі видеоны Ербол Еділов есімді азамат Telegram-каналындағы парақшасында жариялады. Видеоның желіге жүктеген Ербол премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі. Оның мәліметінше, Нығматулин 1999-2002 жылдары Астанадағы Бокс федерациясын басқарған.
18 секундтық видеодан Нұрлан Нығматуллиннің қалай жаттыққанын көруге болады. Видеодан байқасаңыздар, ҚР Парламенті төменгі палатасының төрағасы бокс қапшығын қатты соққылап тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Нығматулин Қарағанды өңірінің тумасы, танымал боксшы Геннадий Головкиннің жерлесі.
Мәжіліс төрағасы 31 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Ол кездесу барысында президентке депутаттардың пандемия кезінде не істегенін айтып, есеп бергендігі туралы хабарлағанбыз.