$ 494.87  520.65  4.91

«Әдебиет пен өнер саласы кірлеп бітті, «Белизна» қосып, әбден «жуып» алғың келеді» - Сәуле Әбілдаханқызы

Халықтық, қоғамдық мәселелер (жер, әділетсіз сайлау, саяси қуғын-сүргін, пандемия, педофилия т.б.) күйіп-жанып жатса да «ләм-мим» деместен, аузын буып алатын кейбіреулері Мемсыйлық деген «соғысқа» жалаңаш денесімен қойып кетіпті...
фото: Алаш айнасы
фото: Алаш айнасы

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы әдебиет және өнер саласы, Мемлекеттік сыйлық айналасындағы у-шуға қатысты мәселе қозғап тағы бір пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның жазуынша, әдебиет пен өнер саласы соңғы 10-15 жылда әбден кірлеп кеткен.
«Жалпы, «ардың ісі» болуға тиіс әдебиетіңіз де, адамгершіліктің бастауы болуға тиіс өнеріңіз де соңғы 10-15 жылда әбден «кірлеп» кетті... «Белизна» қосып, әбден «жуып» алғың келеді...

Мемлекеттік сыйлық үшін аталар «соғысы» басталып кеткен сыңайлы... 
Бұрын бұл соғыс әр төрт жылда бір болатын сияқты еді... әлде бұрыннан екі жылда бір болып тұратын соғыс па?..

Мүлде көңіл аудармай өтіп кетіп жатсам да, алдымнан шыға берді...

Бәйгеге түсіп жатқан кей аталардікі ваще масқара... позор.... халықтық, қоғамдық мәселелер (жер, әділетсіз сайлау, саяси қуғын-сүргін, пандемия, педофилия т.б.) күйіп-жанып жатса да «ләм-мим» деместен, аузын буып алатын кейбіреулері Мемсыйлық деген «соғысқа» жалаңаш денесімен қойып кетіпті.... 
Оған таңғалмаймыз да - бұл мылтықсыз майдандағы «соғыс» шарттары баяғыдан солай... Барынша бір-бірін «шалып» құлату... 

Әркім өзін гений санайды, сондықтан әркім өзін лайық санайды... өздері комиссия мүшесі болады, өздері бәйгеге қатысады.... тіпті, бақилық боп кеткен адам да комиссия мүшесі боп жүреді... комиссия мүшелерінің тізімі, құдааай салмасын (!), салақұлаш қой!..», - депті бұл жолы.

Сондай-ақ ол атақ-данқ пен мансап қуудан алдына жан салмайтын зиялы арасындағы алауыздықты арсыздыққа теңеп, шын дарындардың елеусіз, өздеріне лайық бағасын ала алмайтынына күйінген.

«Атақ, даңқ, мансап, марапат қуудан сол аталар да шаршамайды екен!..
«Арсыз болмай атақ жоқ,
Арамза болмай бақ қайда?!..»

Бәйгеге қатысушылардың ішінде Мемсыйлыққа лайықтылары саусақпен санарлық деп есептеймін. Р.Мұқанова, Н.Дәутайұлы, Т.Нұрмағамбетов...

Сол саусақпен санарлықтардың ішінде Роза Мұқанова - көркем әдебиет, драматургия жанры бойынша бәйгені шаппай алатын жазушы, драматург екенін білемін.

Жалпы, өмір бойы Мемсыйлықты қазақ қыздарының ішінде тек ақын қыздар иеленіпті. Оның өзі көп емес, ары кетсе үш-төртеу шығар... Алайды жазушы немесе драматург қыздардың ішінде Мемсыйлық алғаны тарихта болмапты... 

Өкінішке қарай, көркем әдебиеттің де, драматургияның да барлық шарттарына толық жауап беретін шығарма жазған қыз да жалғыз Роза Мұқанова...

Жігіттер дәл осы жолы ол кісімен «таласуға» ұялатын да шығар деп ойлаймын...», - деп жазған өзінің фейсбук парақшасында.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары