$ 494.87  520.65  4.91

«Ол жерде тұру невозможно!»: елордада «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үй тұрғындары дауласуда

«Біз – алданған үлескерлерміз. Бұл жерде ешқандай хостел болмайды. Өзімізге үй саламыз. Техникалық қабатта тұруға болмайды деп кім айтты?» - дейді үлескер Лаура Шагирова.
фото: mail.kz
фото: mail.kz

Елордада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған үйден шу шықты. Көппәтерлі баспананың техникалық қабатын бәзбіреулер иемденіп алған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ең үстіңгі қабаттан олар Хостел ашпақшы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Аталған көпқабатты үйде мүгедектер, жетімдер мен тұрмысы төмен отбасылар тұрады. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған баспананы мемлекет осыдан 2 жыл бұрын табыстаған. Пәтер кезегін 10 жылдан астам уақыт күткен жұрт үшін бұл үлкен қуаныш еді. Алайда, ол ұзаққа созылмаған сыңайлы. Өйткені, тұрғындардан маза қашқан.

«2019 жылы мына «Всегда успех» организациясы келіп, біздің үстімізден дайын кондаминум құжаттарымыздың үстінен собственность оформлять етіп алған. Қандай негіздеме арқылы, оны білмейміз. Біздің сөзімізді еститін адам қалмады», - дейді Алтынгүл Балабаева атты тұрғын.

Жергілікті тұрғындардың байбалам салуы да жай емес. Себебі, коммуналдық жүйенің барлығы осы техникалық қабатта орналасқан. Олар енді оның бірі істен шықса, кім жауап беретінін түсінбей дал. Оның үстіне, техникалық қабаттың иесі территориясын қоршап алған көрінеді. Есікті кілттеп, іште заңсыз жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деседі базыналы жұрт.

«Ол жерде тұру невозможно! Мынадай-мынадай потолок. Олар біз тұрмаймыз, бизнес жасаймыз дейді. Біз салон ашамыз, хостел жасаймыз, өзіміз білеміз дейді. Су құбырлары, тоқтың барлық жиынтығы сол жерде. Құдай сақтасын, ертең бір пәле болып қалған жағдайда біз кімді іздейміз? Салон красотыға барып шағымданамыз ба?» - дейді келесі тұрғын Сымбат Омарбекова.

Техникалық қабат иесінің де өз уәжі бар. Айтуынша, осы тұрғын үйді салған құрылыс компаниясы оны осыдан 3 жыл бұрын тақырға отырғызып кеткен. Өзі сияқты бас-аяғы 33 салымшының бар екенін айтты. Ал алданған үлескерлерге сот баспананың үстіңгі қабатын бөліп берген.

«Біз – алданған үлескерлерміз. Бұл жерде ешқандай хостел болмайды. Өзімізге үй саламыз. Техникалық қабатта тұруға болмайды деп кім айтты? Байқасаңыздар, қаланың әрбір тұрғын үйінде үстіңгі қабатта тұрып жатқандар бар. Біз барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жатырмыз», - дейді үлескер Лаура Шагирова.

Десе де, ашулы жұрт бұған көндігер емес. Жаңа көршілерінің үстінен сотқа арыз жазып та қойыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары