$ 494.87  520.65  4.91

Елордада 14 жастағы оқушы қыз тегін тігін курсын ашты

3 сағатқа созылатын курста жасөспірімдер өздеріне қажетті төсек-жабдық пен маска дайындайды.

Нұр-Сұлтан қаласында 14 жастағы Жанель есімді қыз арнайы грант ұтып алып, өз ісін дөңгелете бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір ол басқа оқушыларды, әсіресе, көпбалалы отбасылардың балаларын кәсіпке үйретеді. 3 сағатқа созылатын курста жасөспірімдер өздеріне қажетті төсек-жабдық пен маска дайындайды. Бүгінге дейін ондаған бала тігін өнерін игерген. Айта кету керек, курстар тегін жүргізіледі. «Жаңа кәсіп пен мектептегі оқу бір-біріне кедергі жасамайды», – деген Жанель өз болашағын осы саламен байланыстырады.

«Бұл жобаның мақсаты – балалардың өзіне деген сенімін арттыру. Әсіресе, карантин кезінде көпбалалы отбасыдан шыққан жеткіншектер ойын сергітсін деген мақсатта осы жобаны қолға алдық», - дейді жоба жетекшісі Жанель Серікова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары