$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында көршісі зейнеткердің әмиянын ұрлап кеткен

Жәбірленушінің сөзінше, ол таңертең дүкенге барып, үйге келгеннен кейін әмиянды кіреберісте қалдырып кеткен. Белгісіз ұры осы жағдайды пайдаланған.
фото: matritca.kz
фото: matritca.kz

Қарағанды облысы Осакаров ауданының полицейлері зейнеткерден ұрланған ақшаны қайтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осакаров ауданының полиция бөліміне сондағы ауылдардың бірінде 66 жастағы зейнеткерден соңғы ақшасы – 80 мың теңгені ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен. Жәбірленушінің сөзінше, ол таңертең дүкенге барып, үйге келгеннен кейін әмиянды кіреберісте қалдырып кеткен. Белгісіз ұры осы жағдайды пайдаланған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің түр-тұлғасын дер кезінде анықтады. Ол жәбірленушінің 50 жастағы ауылдасы болып шықты. Оның дүкеннің және зейнеткердің үйінің жанында айналшақтап жүргенін куәгерлер көрген. Ұры жасалған қылмысты мойындады. Бастысы, полицейлер зейнеткерге оның жиналған ақшасын қайтарып берді.

Қазір бұл жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары