$ 444.32  473.33  4.76

«Кешірім сұрауға келгенде хиджаб киіп алыпты?!»: Меруерт Түсіпбаева құрбысын ұрған хиджабтағы қыздарға шүйлікті

Әнші әлеуметтік желіде  "қыздардың кешірімді шын көңілмен сұрап тұрғанына күмәні бар" деді және төбелесті видеоға түсіргендер де жазалануы керек екенін айтты.
Фото: видеоан скриншот
Фото: видеоан скриншот

Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева сыныптасын соққыға жыққан хиджабтағы қыздарға қатысты пікір білдірді. Ол дін жолындағы қыздардың әрекетін қатаң сынға алды.

Бұл туралы Сaravan.kz порталы хабарлады.

Әнші әлеуметтік желіде  "қыздардың кешірімді шын көңілмен сұрап тұрғанына күмәні бар" деді және төбелесті видеоға түсіргендер де жазалануы керек екенін айтты. 

 "Ертең қалай, қандай ана болмақ? Қалай ұрпақ өсіріп, тәрбиелемек?! Ұрып- соғып алып, іс насырға шапқан соң, шу шыққан соң, ата-аналарына штраф салғызатын болған соң ғана, кешірім сұрап , қорқып жылап тұр. Осы қатыгездікті міз бақпай, видеоға түсіргендер де- жазасын алуға тиісті! Кешірім сұрауға келгенде, анау ұрған қыз, орамал тағып, хиджаб киіп алыпты?! Шын мәнінде қателіктерін түсініп, енді олай жасамайтындарына сенімім аз. Қалай ойлайсыздар" , - деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбеде хиджаб киген оқушы қыздың  сыныптасын таяққа жыққаны туралы видео тараған болатын. Кейін қыздар осы қылығы үшін кешірім сұрады, 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары