$ 494.87  520.65  4.91

Айналып жүрген ұшақ алматылықтардың үрейін ұшырды

Әрбір ұшқыш дайындық деңгейіне байланысты - төрттен алтыға дейін және екінші айналымға баруды жасауы керек.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Айналып жүрген ұшақ алматылықтардың үрейін ұшырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Flightradar.com сервисінің мәліметіне сәйкес, Air Astana әуекомпаниясының ұшағы қаланың үстінен бірнеше рет айналып ұшқан.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі бұл жаттығу екенін хабарлады. Бұл жаңадан келген ұшқыштар үшін жазғы жаттығудың бір бөлігі екен.

"Аэродром жаттығуы "конвейерден" бірізді ұшуды, жоспар бойынша Алматы әуежайы ауданында "шеңбер" бойынша ұшуды, одан кейінгі қонуларды және екінші айналымға баруды қамтиды.

Әрбір ұшқыш дайындық деңгейіне байланысты - төрттен алтыға дейін және екінші айналымға баруды жасауы керек. Жаттығудың орташа уақыты - 4-6 сағат.

Қазіргі таңда жаңа ұшқыштардың келуін ескере отырып, айына екі-төрт жаттығу рейсі орындалады", - делінген Air Astana таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, әуекомпания мұндай жаттығулар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін атап өтті. Жаттығу кезінде ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмайды екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары