$ 443.85  474.3  4.8

Жусан» операциясымен келген әйелдер тағдыры белгілі болды

Біздің сараптама бойынша жат ағым қатарына көбінесе тұлға ретінде қалыптасып үлгермеген адамдар кіреді. Жас кезінде аздап бұзақы, қарақшы болған жігіттердің де қатары көп және спортшылар бар. Көбісінің діни білімі ғана емес, кәдімгі жоғары білімі де жоқ.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығы» (бұдан әрі - Орталық) де«структивті, жат діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдармен жыл басынан бері қандай жұмыс жүргізіп жатқанын, «Жусан» операциясымен елге оралғандарға көрсетіліп жатқан көмек туралы және осы бағыттағы өзге де өзекті мәселелер жайын талқылау мақсатында арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.  

Ағымдағы жылы Орталық деструктивті діни ағымның ықпалында кеткен жалпы саны 884 азамат пен азаматшаларды райынан қайтару мақсатында оңалту жұмыстарын жүргізген.

Аталмыш Орталық Алматы қаласында 2016 жылдан бері жұмыс жасауда. Орталық жұмысы үш бағытта, яғни кеңес беру, оңалту және алдын-алу бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда Орталықта 12 теолог жұмыс істейді. Оның екеуі әйел жамағатымен жұмыс жасайтын теолог-маман, қалған 10 теолог ерлермен жұмыс жүргізеді. Жыл басынан бері деструктивті діни ағымның ықпалында жүрген 884 адаммен жұмыс жүргізілді. Оның ішінде 135-і Қазақстан қоғамының құндылықтарына бейімделсе, 52-сі оңалтылып, дәстүрлі Ханафи мазхабына қайтарылды.

Орталық карантин кезінде де қол қусырып қарап отырмай онлайн режимінде жұмыс жүргізілгені айтылды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң карантин талаптарын сақтай отырып, қазір тікелей офлайн түрінде сұхбаттар жүргізілуде. 
Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар қаладағы түзету мекемелерінде де тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Қала аумағында орналасқан түзету мекемелерінде де алдын-алу шаралары жүргізіліп келеді. Арнайы жоспар жасалып бұл жұмысқа да Орталықтың теологтары тартылған. Жыл басынан бері түзету мекемелерінде 215 адаммен профилактикалық және оңалту жұмыстары жүргізілді. 

Бұдан бөлек, «Жусан» операциясы бойынша оралған әйел азаматшалармен және олардың балаларымен де жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде Алматы қаласында аталған операциямен оралған 13 әйел азаматша, 33 бала бар. 

Оңалту орталығының теолог мамандарының жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 2 азаматша толықтай өздерінің радикалды, деструктивті діни райынан қайтып, дәстүрлі ханафи мазхабына оралды. Ал 8 әйел Қазақстан қоғамының құндылықтарына бейімделді. 33 баланың ішіндегі 10 бала мектеп жасындағы балалар. Өз кезегінде,  аталған мектеп жасыныдағы 10 бала оқуға қажетті құрал жабдықтармен, ал 5 азаматша жұмыспен қаматамасыз етілді. 

Мамандардың айтуынша, «Жусан» операциясымен елге оралған әйелдерді қоғамға әлеуметтендіру жұмыстары ары қарай жалғаса бермек. Мектептерде әр балаға жауапты психолог маман бекітілген. 

Баспасөз жиыны барысында мамандар деструктивті діни ағымның жетегімен Сирия асып, адасқан азаматтарына қатысты мемлекет қамқорлық саясатын жүргізіп отыр. Яғни «адасқанның айыбы жоқ, үйірін тауып қосылса» дейді. Ал азаматтары Сирия асып кеткен өзге елдерде дәстүрлі діннен шатасқандарға бірден айыппұл немесе қылмысты жаза қолданатын көрінеді. 

Орталық мамандары көбіне «псевдосалафизм» ағымына кірген азаматтарды оңалту жұмысымен айналысуда. Байқауынша, жат ағымның жетегінде кеткендердің 80 пайызында діни сауат тұрмақ, жоғары білім де жоқ. 

Біздің сараптама бойынша жат ағым қатарына көбінесе тұлға ретінде қалыптасып үлгермеген адамдар кіреді. Жас кезінде аздап бұзақы, қарақшы болған жігіттердің де қатары көп және спортшылар бар. Көбісінің діни білімі ғана емес, кәдімгі жоғары білімі де жоқ. Ал жоғары білімі бар, шетел көрген, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтармен сөйлессек, олар әңгімеге тартылып, райынан қайтуға дайын, сөйлесуге жеңіл. Орта білімді не діни сауаты жоқ, жоғары білім алмағандар 75-80% құрайды. Олармен жұмыс жүргізу оңай емес, дегенмен нәтиже бар, – дейді Орталықтың директоры Руслан Қайыргелді.  

Мамандардың айтуынша карантин кезінде деструктивті діни ұйымдардың интернеттегі бесенділігі артқан. Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының тарапынан мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетіндіктен, жыл басынан бері радикалды бағыттағы 1000-нан аса сайт бұғатталған. 

Айта кетейік, егер сіздің дінге қатысты кез-келген сауалыңыз болса немесе жақын туысыңыздан жат ағымның ықпалында жүргенінің белгілерін байқасаңыз Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығына» (Төлебаев көшесі, 38, телефон: +77011207570, +77011207503) хабарласыңыз. 

Әсел ДАҒЖАН 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары