Әлеумет 24.09.2020 сағат 23:36

Өзге ғаламшарлыққа ұқсағысы келген жігіт құлағын, мұрнын кесіп тастаған

Мұнымен қоймай, өзге ғаламшарлықтарға ұқсау үшін тілін екіге бөлген.
Өзге ғаламшарлыққа ұқсағысы келген жігіт құлағын, мұрнын кесіп тастаған
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Француздық Энтони Лоффредо бүкіл денесін толықтай татумен жауып, мұрны мен құлағын кесіп тастаған.

10 жыл іздеуде болған шетелдік қылмыскер Алматы облысында ұсталды

Мұнымен қоймай, өзге ғаламшарлықтарға ұқсау үшін тілін екіге бөлген. Татуировкаға әуес 32 жастағы француз Барселонаға мұрын ампутациясын жасау үшін осы істің маманы Оскар Маркеске барған. Лоффредо шетелге баруға мәжбүр болған, өйткені Францияда мұндай дене модификациясына тыйым салынған.

"Сенің арқаңда басымды тік көтеріп жүре алатын болдым. Бірге жасаған бұл ісімізді мақтан тұтамын", - деді ол өзінің Instagram аккаунтында Маркеске алғысын жаудырып.

Сырт келбетін өзгерту кезінде Лоффредоның құлағын алып тастады. Қазір оның бүкіл денесі, оның ішінде беті сиямен жабылған. Маңдай мен бет аймағында кішкентай импланттарды салып, қастарына пирсинг жасады.

Сонымен қатар, ол көру қабілетіне қауіп төндіретініне қарамастан, көз ағын қара түске бояды. Лоффредо қазіргі келбетіне дән риза. Сұхбатында ол ерте жастан бастап әртүрлі мутацияларға қызығушылық танытқанын мойындады.

"Күзетші болып жұмыс істеген кезде, арманымдағыдай өмір сүрмейтінімді түсіндім. 24 жасымда бәрін тастап, Австралияға кеттім", - дейді ол.

Француз бұл әрекетімен тоқтап қалмайды және денесін одан әрі өзгертуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, қараңғы аллеяларда қорқынышты кейіпкерлердің рөлдерін көруді ұнататынын атап өтті.

"Мен ойдан шығарылған кейіпкерден өзімнің айырмашылығымды іздеуді ұнатамын", - деп қорытындылады Лоффредо.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар